Осы жылдың 6 айында ОҚО-ның 17 мың тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етілген

Шымкент. 14 шілде. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысында биылдың 6 айында 17 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік Қазақстан облысында биылдың 6 айында 17 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. ОҚО халқын жұмыспен қамту жөніндегі 2015 жылға арналған жоспарға сәйкес 5,518 млрд теңге бөлінген болатын», - деп хабарлады сейсенбі күні облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап көрсетілгендей, жұмыспен қамту мәселелері «Жұмыспен-2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегі жиналыста талқыланды. Тап сонда еңбек қатынастары саласындағы түйткілдерді реттеу туралы да әңгіме өрбіді. Сөйтіп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 22077 азаматтың әлеуметтік қолдау алғанын хабарлады. Олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар  7136 адам, жұмыссыздар  14941 адам және аз қамтылғандар  1687 адам.
Одан өзге, әкімдіктің мәліметінше, «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының 513 тұрғыны Т1 млн 332 мыңдық жалпы сомаға шағын несие алған. Қосымша түрде жұмыспен қамту орталығы арқылы 325 жұмыс орнын ашу мүмкін болды. 108 адамға кәсіпкерлік негіздері үйретілді.
«Бағдарламаның «Көшіру арқылы оқыту және жұмысқа тұрғызу» атты үшінші бағыты бойынша ОҚО 13450 тұрғынына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Мысалы, 886 адам кәсіби білім алды, олардың 787-сі тұрақты жұмысқа тұрғызылды. Жастар тәжірибесінің аясында 1100 адам жұмысқа орналастырылған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының 5246 тұрғыны қоғамдық жұмыстарға бағытталды», - деп толықтырды әкімдіктегілер.

adimage