«Отбасы банкінен" басқа екінші деңгейдегі үш банк зейнетақының бір бөлігін тұрғын үйге қолдану жөніндегі операторлар болды

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – «Отбасы банкінен" басқа екінші деңгейдегі үш банк зейнетақының бір бөлігін тұрғын үйге қолдану жөніндегі операторлар болды, деп хабарлады Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан (БЗЖҚ).
«БЖЗҚ мен уәкілетті операторлар арасындағы өзара іс-қимыл электрондық ақпарат алмасу арқылы және өзара іс-қимыл туралы тиісті келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Қорда нақтылағандай, «Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды». БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерінің біріктірілуі «электрондық үкімет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.
«Заңнамада тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет-ресурсында электрондық өтініштерді толтыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті операторларға жүгінетіні көзделген. Өз өтінішінде салымшы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді. Уәкілетті оператор салымшылардың өтініштерін қарап, оларды мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін Қордан уәкілетті операторда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылдар жүргізіп, біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын таныстыру барысында 2021 жылы БЖЗҚ 700 мың салымшысы өз жинақтарының бір бөлігін баспана сатып алуға, емделуге немесе басқарушы компаниялар басқаруына беру үшін шешіп ала алатынын айтқан еді. 23 желтоқсанда тиісті түзетулер пакеті парламентте мақұлданды және президентке қол қоюға жолданды. 2 қаңтарда Тоқаев тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақының бір бөлігін алу туралы заңға қол қойды.

adimage