«Oyan, Qazaqstan» Арыс тұрғындарына көрсетілген көмек туралы мәлімдеме жасады

Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ - «Oyan, Qazaqstan» Арыс тұрғындарына көрсетілген көмек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Арыста қайғылы жағдай болғанда біздің қозғалыс мүшелері Алматыда, Астана мен басқа да қалаларда ерікті болып, гуманитарлық көмек жинады. Сонымен қатар, қозғалыстың кейбір өкілдері Арыстағы қайғылы жағдайдан зардап шеккендерге барып, жиналған гуманитарлық көмекті таратуға көмектесті. Біз мұның балығы туралы жарияға жар салған жоқпыз, мақтанғандай болмайық деп, еш жерде жазған жоқпыз, әлеуметтік желіде таратқан жоқпыз және олай жасауды жоспарламадық та», - делінген сәрсенбі күні Facebook-тегі «ҚазТАГ» ХАА парақшасындағы «Oyan, Qazaqstan» Байбектің Арысқа көрсетілген көмекке қатысты өтірігін ашты және жала жапты деп айыптады» мақаласы астындағы комментарийде.
Қозғалыс «бүгін Алматының бұрынғы әкімі, қазіргі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еш қаймықпастан Шымкент орталығында Бауыржан Байбек «Oyan, Qazaqstan» қозғалысы көмектескен жоқ деп мәлімдеді және осылайша бізге жала жапты» деп атап өткен.
«Сіздің сасқалақтағаныңыз соншалық, бізге жала жауып жатырсыз ба, Байбек мырза? Олай болса, митингтен кейін қамауға алынған кінәсіз адамдар туралы да айтыңыз», - дейді «Oyan, Qazaqstan» қозғалысынан.
Бұған дейін хабарланғандай, «Oyan, Qazaqstan» қозғалысы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Арысқа көрсетілген көмекке қатысты өтірігін ашып, жала жапты деп айыптады.
«Байбек бүгін Шымкент тұрғындарының алдында сөз сөйлеп, Oyan, Qazaqstan Арысқа көмектескен жоқ деп мәлімдеді. Мұны, әрине, мемарналар таратып ала кетті. Біріншіден, бұл өтірік. Екіншіден, Бауыржан Байбек, сіздің сасқалақтағаныңыз соншалық, өтірік айтып, жала жабатын болғансыз ба?», - деп жазды Twitter парақшасында қозғалыс белсендісі Әсем Жәпішева.
Еске салсақ, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, 165 адам зардап шекті. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді.
15 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыстағы ТЖ үшін қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар 17 шілдеде мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке «Арыстағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық істің тексерілуінің объективтілігі мен заңдылығын қамтамасыз етуді және барлық кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды» тапсырды.

adimage