Қойшыбаев Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Күні: 17:29, 11-04-2019.

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Ерлан Қойшыбаев Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады alau.kz.
«Ерлан Қойшыбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оған дейін ол қаржы және көлік саласында жұмыс жасаған. Ол атқарған соңғы қызмет – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, Василий Цымбалюк Қостанайдың білім бөлімі басшысы қызметінен облыстық білім басқармасы басшысы қызметіне ауысты. Оған дейін де осы салада жұмыс жасаған.
«Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалған. Бұған дейін ол прокуратура және қаржы органында қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін Мұсағазина 7 жылдай Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарған», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: