Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Алена Субботина. Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Кожағапановтың соты аяқталуға жақын, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сот жүріп жатыр, аяқталуға жақын деп ойлаймын. Біз тағып отырған айып бойынша, сот санкциясымен қателеспесем жеті жылдан 12 жылға дейін (Қожағапановқа – ҚазТАГ). Сот барлық мән-жайларды ескере отырпы, шешім қабылдайды деп ойлаймын. Сот ашық түрде өтіп жатыр», - деді бейсенбі күні сенат брифингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев.
Еске салсақ, 2024 жылдың 1 наурызында Қожағапонвтың ұсталғаны туралы ҚазТАГ дерек көзіне сілтеме жасай отырып хабарлаған еді. Кейін «антикор» оның ұсталғанын растап, бұрынғы вице-минитср және премьердің экс-кеңесшісіне аса ауыр сыбайлас жемқорлық айыбы тағылып жатқанын айтты. 6 наурызда экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов Қазақстан мен Ресей арасындағы форумға кететін шығынды өсірді деген күдікке ілінді. 12 шілдеде белгілі болғандай, қылмыстық істі тергеу аяқталған. 5 қаңтарда ҚазТАГ Қожағапановтың сотқа берілгенін хабарлады.
Қожағапановтың соты аяқталуға жақын
