Қожамжаров ҚР парламенті сенатының депутаты болды

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – Қайрат Қожамжаров Қазақстан парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанның бас прокуроры болған. Оған дейін ҚР мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, президент көмекшісі – ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ақмола облысының әкімі болды.

adimage