Пандемия басталғалы әлемде кем дегенде 1 млн адам коронавирустен өлді

Алматы. 29 қыркүйек. ҚазТАГ - Пандемия басталғалы әлемде кем дегенде 1 млн адам коронавирустен өлді, деп хабарлады Live Science.
«Кем дегенде COVID-19 дертінен 1 млн адам өлді. Бұл қиын-қыстау кезең Қытайда белгісіз респираторлық вирустың адамдарға жұғып жатқаны туралы қоғам алғаш рет білгеннен кейін сегіз айдан соң басталды. Жаңа коронавирус әлем бойынша жылдам тарады. Кей елдерде қаза тапқандар саны аз болса, кейбірінде көп болды. Джон Хопкинс институтының ақпарынша, қайтыс болғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген - 204 900 адам, екінші орында – Бразилия (141 700 адам) және Үндістан (95 500)», - делінген хабарда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының атқарушы директоры Майк Райанның пікірінше, ресми сан шын мәнісіндегі жағдайдан аз. Сонымен қатар, Райан коронавирусқа қарсы вакцина жалпы қолжетімді болғанға дейін COVID-19 дертінен қайтыс болғандар саны әлем бойынша 2 млн адамға жетеді.

adimage