Паразиалық ойындарда жүзуден чемпионына ОҚО басшылығы Т1 млн жүлде тапсырды

Күні: 20:31, 10-11-2014.

Шымкент. 10 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XI ПараАзиялық ойындарына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан спортшы чемпиондар мен жүлдегерлер өңір басшыларынан сыйлықтар алды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков биылғы жылдың 13-25 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XI ПараАзиялық ойындарына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан спортшыларды қабылдады», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Хабарда айтылғандай, аталған спорттық додаға Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсетуге облысымыздан 5 спортшы жолдама алды. Атап айтқанда жүзу спортынан Бекжан Есіркепов, Анастасия Соболева, Мансурбек Ибрашев өнер көрсетсе, жеңіл атлетикадан Дәренбай Нарыбеков, садақ атудан Александр Родионов сайысқа түсті. Төрт жылда бір өтетін бұл спорттық додада 100 метр қашықтыққа «аралас» және «еркін» тәсілдерімен жүзуден топтық сайыста Бекжан Есіркепов қос алтын медальді иеленіп, ПараАзиялық ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанса, Ибрашев Мансурбек суға жүзуден «еркін» тәсілімен жекелей сында қола медальге қол жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков ПараАзиялық ойындарына қатысқан спортшылар мен жаттықтырушыларды үлкен жетістіктерімен құттықтап, бас жүлде иегеріне 1 млн теңгенің, 3-орын иегеріне 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.


Жаңалықтармен бөлісу: