Парламент Қазақстан астанасының атауын өзгерту үшін Конституция түзетулерін екінші оқылымда қабылдады

Күні: 18:06, 20-03-2019.

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Парламент Қазақстан астанасының атауын өзгерту үшін Конституция түзетулерін екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстан парламентінің екі палатасының бірлескен отырысында мәжіліс және сенат депутаттары астананың атауын өзгерту үшін Конституциясына түзетулерді қабылдады.
Негізгі заңның 2 бабының 3 бөлігінде «Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады» делінген, ал 3.1. бөлігінде «Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін» деп көрсетілген.
«Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметіне Астана атауын өзгерту туралы конституцияға түзетулер енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізді. Президент аталмыш ұсынысты референдумға шығармастан парламент қарауына жолдау туралы шешім қабылдады. Конституциялық кеңес аталмыш мәселе бойынша оң қорытынды шығарды», - деп мәлімдеді парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа қызметке кіріскенін білдіретін Қазақстан Конституциясына ант қабылдағаннан кейін мемлекет басшысы лауазымындағы бірінші ресми сөз сөйлеуінде Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту идеясын айтты.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан президенті лауазымындағы өкілеттігінің аяқталғаны туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті сайлауға дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: