Парламент Қазақстан мен Украина арасындағы шартты ратификациялауды мақұлдады

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. ҚР парламентінің сенаты «Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
«(Қазақстан мен Украина арсындағы экстрадициялау туралы – ҚазТАГ) шарт 2018 жылдың 29 қазанында Нұр-Сұлтанда жасалған. Шартта қылмыстық жауапқа тарту немесе сот үкімін орындау үшін екі ел арасында іздестіріліп жүрген азаматтарды экстрадициялау мәселесі қарастырылған. (…) Ондай келісім 21 елмен жасалған», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов бейсенбіде ҚР парламенті сенатының алқа отырысында.
«Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» Заң бірауыздан қабылданды.

adimage