«Павлодар» АЭА аумағында өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу зауыты салынады

Күні: 17:38, 30-10-2014.

Павлодар. 30 қазан. ҚазТАГ – «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ (АЭА) аумағында Қазақстанның басқа өнеркәсіптік өңірлерінен әкелінетін қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады, деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің қалдықтарды басқару департаментінің бас сарапшысы Айбек Махметов.  

«Қазіргі таңда Қазақстанда және Павлодар облысының өзінде қалдықтар – төзімді органикалық ластағыштар (ТОЛ) көптеп жиналып қалған, олар Стокгольм конвенциясына сәйкес 2028 жылға дейін жойылуы керек», - деді А.Махметов бейсенбіде   Ertysinvest форумында.

Ол Дүниежүзілік банкпен бірге қалдықтарды жою бойынша жобаны әзірлеу басталғанын айтты. Жобаның мақсаты адам денсаулығы мен қоршаған ортаға  ТОЛ зиянды әсерін төмендету болып табылады.    

«Бұл мақсатқа құрамында ТОЛ бар қалдықтарды жою бойынша алғашқы кәсіпорын құрылысы арқылы қол жеткізу және басқа да өнеркәсіп қалдықтарын жою бойынша зауытты кеңінен қолдану. (…)  Павлодар облысында «Павлодар» АЭА аумағында (зауыт құрылысы үшін – ҚазТАГ) жер телімін таңдау туралы шешім қабылданды», - деп түсіндірді А. Махметов.

Оның ақпарынша, жоюға арналған қалдықтарды (радиоактивтіден басқаларын) Қарағанды және Шығыс Қазақстан секілді басқа өнеркәсіптік облыстардан әкеледі. Алдын-ала бағалау бойныша зауыт құрылысының құны   - $100 млн.

Қазіргі таңда зауыт құрылысының технико-экономкалық негіздемесі әзірленуде.  


Жаңалықтармен бөлісу: