Павлодар облысы ауылдық мектептерінің бірінің спортзалының төбесі құлады

Күні: 14:26, 04-04-2019.

Павлодар. 4 сәуір. ҚазТАГ - Павлодар облысы ауылдық мектептердің бірінің (Екібастұздан 90 ш жердегі) спортзалының төбесі құлады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Спортзалдың төбесі 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні мектептегі каникул кезінде орын алды. Абырой болғанда сол кезде спортзалда ешкім болмаған. Ғимараттың шатырынан су ағып тұрған жоқ, сондықтан біз оны келесі жылы күрделі жөндеуден өткіземіз деп жоспарлаған едік. Т20 млн сомаға сметалық құжаттама жасалды. (…) Қауіпсіздік мақсатында ғимараттың екінші қабаты жабылды», - деп хабарлады Екібастұз білім бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаева.
Ол еске салғандай, Екібастұздағы ауылдық аймақтағы Төртқұдық орта мектебі 1959 жылы салынған.
«Ол 240 балаға арналған. Қазір ол жерде 1-11 класқа дейін 38 оқушы оқып жатыр. Шатыр 2007 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. (…) Балалар бұл мектепте бір ауысымда оқиды. Оқу жылының аяғына дейін олар екі ауысымда оқиды», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы.
Өз кезегінде Екібастұз әкімдігінде оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жасап жатырғанын хабарлады.
«Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайды, сосын жөндеу жұмыстары мәселесі шешіледі», - деді әкімдікте.


Жаңалықтармен бөлісу: