Павлодар. 12 сәуір. ҚазТАГ – Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып Асхат Оралов тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Асхат Оралов тағайындалды», - деп хабарлады жұма күні Павлодар облысының әкімдігінен.
Оралов аталмыш қызметте Мейрам Бегентаевты алмастырды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Бұған дейін Оралов 2018 жылдың қаңтарынан бастап дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментін басқарды, ал оған дейін 2014 жылдың мамырынан бастап 2016 жылдың жлтоқсанына дейін Астанадағы «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. Оның алдында 2013 жылдың мауымынан 2014 жылдың сәуіріне дейін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасаған.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
