Павлодар облысы мен Маңғыстау облысының арасында ынтымақтастық артуда

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ. Павлодар облысының делегациясы Маңғыстау облысына сапармен барды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен. Хабарда айтылғандай, өңір басшысы Қ.А. Бозымбаевтың басшылығымен Павлодар облысы делегациясының Маңғыстау өңіріне жұмыс сапары аясында Павлодар және Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері Павлодар өңірінің кәсіпорындары шығаратын сомасы 4 млрд. 213 млн. теңгенің өнімдерін жеткізу (сатып алу) туралы келісімшартқа қол қойды. Атап айтқанда:
«KSP Steel» ЖШС 3,5 млрд. теңге өнімін («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ);
«ТЕМІРМАШ» Павлодар зауыты» ЖШС 112 млн. теңге өнімін («Арғымақ Транссервис» ЖШС 80 млн. теңге, «Ойл Транспорт Корпорэйшн» ЖШС-ке 32 млн. теңге);
«Format Mach Company» ЖШС 5 жылға 500 млн. теңге өнімін («Өзенмұнайгаз» АҚ, жыл сайын 100 млн. теңгеге);
«Қазэнергокабель» АҚ 100 млн. теңге өнімін («МРЭК» АҚ);
«Свет» ҮЕК ЖШС 1,2 млн. теңге өнімін («Татьяна» ПКСК);
Бұдан басқа, Маңғыстау облысының «Прикаспийский Машиностроительный Комплекс» ЖШС кәсіпорны «KSP Steel» ЖШС-пен сомасы 100 млн. теңге болатын болат құймаларын және сомасы 1,2 млрд. теңге болатын диаметрі 12-ден 30 мм дейінгі болат шыбықтарын сатып алуға келісті.
Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 5 млрд. 513 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ, Павлодар облысының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері Маңғыстау өңіріне шамамен 100 мың тонна картоп пен 50 мың тонна сәбіз жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.

adimage