Павлодар. 19 сәуір. ҚазТАГ – Павлодар облысы резерватындағы шамамен 1 мың га алқапқа тараған өрт ауыздықталды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«19 сәуір 8 сағат 30 минутта Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды», - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли дүйсенбі күні.
Ол нақтылағандай, ішкі жану мен қатты желге байланысты от үш бағытта таралған.
«Екі бағыт бойынша қарауылдау, үшінші бағытта сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрттің ауданы шамамен 1000 га құрады. Оның ішінде орманды алқап 300 га құрайды. Өртті сөндіруге 50 бірлік техника және 206 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 112 дана аспалы бүркігіштер және шартылдақ аспаптар (хлопушка) қолданылды», - деді Уәли.
Еске салсақ, 18 сәуірде хабарлағандай, өрттің болжалды алаңы шамамен 300 га құраған. Алайда түнде анықталғандай, өрт шыққан алаң 1 мың га. болған.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26