Павлодар облысында 1,2 мың га алқапты шарпыған орман өрті екі тәулік сөндірілді

Павлодар. 21 сәуір. ҚазТАГ – Павлодар облысында 1,2 мың га алқапты шарпыған орман өрті екі тәулік сөндірілді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Ертіс орманы» МРМ МОТР хабарлауынша, өрт 2021 жылдың 20 сәуірінде сағат 17.50-де сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығынды «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ анықтайды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖМ.
Еске салсақ, 18 сәуірде сағат 13.34-те Шербақты ауданындағы «Ертіс орманында» құрғақ шеп пен қарағай өртенген. Басында өрт шарпыған аумақ шамамен 300 га құрайды деп хабарланған еді. Алайда түнде қызыл жалынның 1 мың га таралғаны белгілі болды. 19 сәуірде ТЖМ өрттің ауыздықталғанын жеткізді, алайда кейін белгілі болғандай, өрт шарпыған алаң 1,2 мың га жеткен.

adimage