Павлодар облысында 10 жыл тоқтап тұрған ірі элеваторлардың бірі іске қосылды

Павлодар. 6 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысында 10 жыл тоқтап тұрған ірі элеватордың бірі ресейліктердің қатысуымен іске қосылды.  

«Иә, Ертіс ауданындағы элеватор іске қосылды. Қазір тоқ шаруашылығы ретінде, лицензия алу жұмыстары жүргізілуде. Ол астықты сақтау, кептіру қызметтерін көрсететін болады», – деп хабарлады ауыл шаруашылық басқармасы астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы  Ерлан Қабышев.

Бұған дейін инвесторлардың келетіні және кәсіпорынды жөндейтіні туралы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев кеңейтілген отырыста хабардар еткен болатын.  

Бұрын хабарланғандай Ертіс ауданындағы қуаты 64,4 мың тонна болатын ірі элеваторлардың бірі 10 жылы бойы тоқтап тұрған болатын. Ертіс және Железинск ауданының шаруалары жиған астықтарын сақтауға көрші аудандарға баратын. Қазірдің өзінде 300 тонна астық қабылданды.  

«Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің Омск облысының инвесторлары нысанды бірге жөндеді. Бұл халықаралық ынтымақтастық.  Осылайша, облыста бар 10 элеватордың барлығы іске қосылды, қазір олардың 4-нің сақтауға арналған лицензиялары бар», - деп хабарлады бүгін ауыл шаруашылық басқармасынан.  

Аталмыш астық қабылдағыштардың қуаты 455 тонна. Сонымен қатар, өңірдің ауыл шаруашылық өндірушілерінің өздерінің де астық қоймалары бар.  

adimage