Павлодар облысында 23 бала уланғаннан кейін мектеп аспаздарынан стафилококк табылды

Күні: 18:46, 30-10-2019.

Павлодар. 30 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысында 23 бала уланғаннан кейін қала маңы ауылындағы №40 мектеп аспаздарынан стафилококк табылды, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде инфекцияны тасымалдаушылар анықталды: екі аспаздан ауамен жұғатын Staphylococcus aureus («алтынды стафилококк») – жұқпасы табылды. Оның үстіне ас блогы қызметкерлерінің барлығы медтексерістен өткен болып шықты, ол бір жылға жарайды», - деп мәлімдеді Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова.
Ол сондай-ақ, тамақ дайындау ережесінің сақталмағанын, ас блогы ғимаратының санитарлық жағдайының дұрыс еместегі анықталғанын қоса айтты.
«Зертханалық бақылау барысында компотта, сорпа мен тефтелиде жалпы микроп санының көбейіп кеткені белгілі болған. Плиталарды жуу барысында ішек таяқшасы тобының бактериясы табылған. Сонымен қатар, кулердегі ауыз судың жағдайы да қанағаттанарлықсыз болған. Осының барлығы балалардың улануына алып келген», - деді ҚДСД басшысының орынбасары.
Дощанованың айтуынша, мектеп асханасы бұрынғыша жабық, балалар демалыста.
Еске салсақ, 10 қазанда мектеп асханасына барғаннан кейін жеті оқушыда улану белгісі байқалған. Ата-аналарының айтуынша балаларға тоқаштың дәмі ұнамаған. Кейін уланған оқушылар саны артқан.
12 қазанда Павлодар облысының полицейлері ҚР ҚК 304 бабы бойынша мектеп асханасында оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: