Павлодар облысында адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға жарықтың болмауы себеп болған

Павлодар. 19 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысында адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға жарықтың болмауы себеп болған, деп хабарлады ҚазТАГ.
«2021 жылдың 18 қазанында сағат 19.25 шамасында «Toyota» көлігінің 48 жасар жүргізушісі «Омск-Майқапшағай» жолымен Заря ауылына келе жатып, 1955 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Жарықтың болмауы салдарынан жүргізуші оны кеш көрген. Аталмыш дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Оның айтуынша, Павлодар облысы ПД-ге қала сыртындағы жолдарда, елді-мекен маңындағы жолдарда, бұрылыстарда, мал айдайтын жерлерде, автобус аялдамаларында жасанды жарық орнату туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ-ға хат жолдаған.

adimage