Павлодар облысында алты мемқызметкер «жалған» дипломмен жұмысқа тұрған

Павлодар. 8 сәуір. ҚазТАГ - Павлодар облысында алты мемқызметкер «жалған» дипломмен жұмысқа тұрған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алты мемлекеттік қызметкер жұмысқа тұру кезінде жоғары заң және экономикалық білімдері туралы «жалған» дипломдарын ұсынған», - деп хабарлады дүйсенбіде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.
МҚІСЖҚІАД мемқызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төлегеновтың айтуынша, «өңірлік полиция сотқа дейінгі тергеуді ҚР ҚК 385 б.3б. қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық құрамы белгілері бойынша бастады».
«Бұл бап айыппұл төлеу түріндегі немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазасын қарастырады», - деді Төлегенов.
Сондай-ақ, агенттіктің баспасөз қызметі нақтылағандай, «жалған» дипломдарымен жұмысқа тұрғандар мемқызметте екі жылдан үш жылға дейін жұмыс жасаған.

adimage