Павлодар облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспедиция бастау алды

Павлодар. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедиция бастау алды.
«Бүгін «Қазақ хандығына 550 жыл: бірігу үшін ұғыну» тақырыбына «дөңгелек үстел» үстел өтіп, одан соң облыс қалалары мен аудандарына экспедицияға старт берілді», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Бірінші күн аясында экспедиция эстафетасын облыстың Баянауыл ауданына табыстау жоспарланған.

adimage