Павлодар облысында бір отбасының екі баласы суға батып кетті

Павлодар. 15 шілде. ҚазТАГ – Павлодар облысы Ақсу қаласында бір отбасының екі баласы суға батып кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Отбасы демалыста жүргенде 2004 және 2008 жылы туылған ағалы-інілі екі бала суға батып кетті. Балалардың денесі әлі табылған жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова дүйсенбіде.
Ақсу әкімдігінде хабарлағандай, отбасы Ертістің жағалауында «жұмыс жасамайтын мұнай базасы жанында суға түсуге тыйым салынған жағалауда» демалып жатқан.
«Балалар Ақсудағы дарынды балаларға арналған гимназияның төртінші және сегізінші класын аяқтаған», - деп хабарлады Ақсу ішкі саясат бөлімінің басшысы МА Нұрлан Байбакіров.

adimage