Павлодар облысында бір тәулікте үш саяжай алабында 60-қа жуық өрт тіркелген

Павлодар. 24 сәуір. ҚазТАГ – Павлодар облысында бір тәулікте үш саяжай алабында 60-қа жуық өрт тіркелген, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«23 сәуірде сағат 11.39-да хабарлама келіп түсті: «Металлург» саяжайы, Центральная көшесі, темір жол  жақтан кіреді, қолданыста жоқ алты бау-бақша учаскесінде құрғақ шөп, бау-бақша үйлерінің төбесінің ағаштары, қамыс жанып жатыр. Саяжайдың кімге тиесілі екені анықталуда. Себебі – от қауіпсіздігінің сақталмауы. Шығын анықталуда», - деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрт сөндірушілер мәлімдегендей, ол күні үш қолданыстағы және 46 қолданыста жоқ бау-бақша учаскелерінде сегіз га алқапта құрғақ шөп, басындағы үйлердің ағаш төбелері мен қамыс өртенген.
 «Олардың кімге тиесілі екені анықталуда. (…) Өртті сөндіруге ӨБ №2 – жеке құрамдағы тоғыз адам, екі авточистерна; ӨБ №34 – бір автоцистерна; ӨБ №1 – өрт сөндіру бөлімшелері, ӨБ №2 және бір автоцистерна жұмылдырылған», - деді баспасөз қызметінен.
«Здоровье» саяжай алабында бір үй түгелдей өртеніп кетсе, көрші учаскеде кірпіштен салынған үйдің ағаш төбесі өртенген.
Барлығы саяжай алқаптарында бір тәулікте 57 өрт тіркелген.

adimage