Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілерден граната және басқа да қару-жарақтар табылды

Павлодар. 29 қараша. ҚазТАГ – Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілерден граната және басқа да қару-жарақтар табылды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ құрамына жасы 25 пен 35 аралығындағы адамдар кірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің бопсалаудың бес фактісіне қатысы бар екені анықталды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағында қаруды қолданумен бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.
«Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан бес атыс және травматикалық қару, қолдан жасалған кастеттер, биталар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды», - делінген хабарда.
Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды.
«Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үш қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабтары бойынша жүргізілуде», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс

adimage