Павлодар облысында экологиялық технологиялар бойынша біліктілік орталығы пайда болады

Павлодар. 27 тамыз. ҚазТАГ – Павлодар облысында экологиялық технологиялар бойынша біліктілік орталық пайда болады, деп мәлім етті облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
«Облысты дамыту стратегиясының аясында жақын аралықта экологиялық технологиялар бойынша құзыретті орталық ашылады. Біз ең ластанған облысты экологиялық проблемаларды шешетін орталыққа айналдырмақшымыз», - деді Қ. Бозымбаев облыс мәслихатының сессиясында.
Оның айтуынша, орталық жұмысына экология саласында кәсіби қызмет көрсетумен айналдысатын халықаралық ғылыми-зерттеу ұйымдары тартылады.
«Орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі - экология саласында өнімдер өндіретін және технологиялар трансфертін жүргізетін компанияларды – суды, ауаны, жерді тазартатын, қалдықтарды өңдейтін компанияларды шоғырландыру болмақшы», - дей келіп, облыс әкімі, орталық кәсіпорындардың, ғылыми мекемелердің, экологтардың және жұртшылықтың арасындағы диалогтық алаң болатынын қосып айтты.  
Қ. Бозымбаев сонымен қатар өңірде табиғатты қорғау шараларына мемлекеттік бюджеттен биыл Т1,2 млрд, аймақ кәсіпорындарынан Т18 млрд бөлінгенін жеткізді.

adimage