Павлодар облысында электр энергетика саласында жаңа монополист пайда болды

Күні: 12:59, 31-10-2018.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысында электр энергетикасы саласында жаңа монополист пайда болды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономик аминистрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелістік және тұтыгнушы құқығын қорғау комитетінен.  
«ФерроТрансТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне электр энергиясын беру қызмет түрі бойынша енгізілді», - делінген сәрсенбідегі ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК баспасөз қызметінен.
Табиғи монополиялар саласындағы қызметтерді көрсету аумағы  – Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.


Жаңалықтармен бөлісу: