«Тапсырыс беруші – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - түбін тереңдету және іріктемелі жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Павлодар облысы Павлодар ауданы Черноярка ауылындағы Ертіс өзенінің арналарын тазарту; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 292 399 549», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 5 сәуір мен 12 сәуір аралығында өтеді.
«Жұмыстарды орындау орны:Павлодар облысы Павлодар ауданы Черноярка ауылы. Жұмыстарды орындау мерзімі: жұмыс өндірісінің кестесін және Павлодар
облысы бойынша МСҚБ басқармасынан хабарлама алған күннен бастап 8,5 ай», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: Ашық дереккөз