«Тапсырыс беруші – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции систем орошения (каналов) («суару жүйелерін (каналдарды) күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Павлодар облысы Май ауданының Лиманды суару жүйелерін қайта құру (1 кезек); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 436 896 097», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Сонымен қатар осы хабарландыруда тағы екі лот сипатталған:
- Павлодар облысы Май ауданының Лиманды суару жүйелерін қайта құру (2 кезек), жоспарлы сомасы - Т2 528 089 810;
- Павлодар облысы Май ауданының Лиманды суару жүйелерін қайта құру (3 кезек), жоспарлы сомасы - Т2 709 882 575.
Үш лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т8 674 868 482 құрайды.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 11 желтоқсанда басталып, 26 желтоқсанға дейін жалғасады.
Фото көзі: pigua.info