Павлодар облысында мүгедектігі бар кісіні көлік қағып оқиға орнында көз жұмды

   Павлодар.5 маусым.ҚазТАГ- Павлодар облысында мүгедектігі бар кісіні көлік қағып оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ішкі- істер министрлігінің баспасөз қызметі.
   «3 маусым Ақсу қаласындағы Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды»,- делінген хабарламада.
   ІІМ мәлімдегендей, 4 маусым күні Ақтоғай-Шолақсор автожолының 97-шақырымында Жалаұлы ауылының маңында Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдан шығып кеткен.
   Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
   Жол апаты фактілеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

adimage