Павлодар облысында мектепте тамақтанудың бірыңғай желісін енгізеді

Күні: 14:45, 19-09-2018.

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысында мектепте тамақтанудың бірыңғай желісін енгізеді, деп хабарлады  Pavon.kz.
«Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жобаны мақұлдап (мектепте тамақтанудың бірыңғай желісі- ҚазТАГ), экономика басқармасына қарауға ұсынылған инвестұсынысқа қол қойғанын мәлімдеді. Жобаны енгізу бойынша комиссия құрылған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Алайда, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, ешкімнің де фирманы, шаруашылықты бір үлкен басқармаға біріктіргісі келмейді.
«Десек те, мектептер бойынша МЖӘ аясында оқушыларға арналған бірыңғай тамақтану жүйесін ұйымдастыру бойынша инвестициялық ұсыныс енгізілді.  Бизнесмендер арасында бұл идея түсіністік пен қолдауға ие бола алмады», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде өңір әкімі аппараттық кеңесте мектептер мен балабақшаларда тамақтануды көбіне арыз-шағым түсіп жататын жеке компаниялардың жүзеге асыратынын еске салды.  
  Б. Бақауов түсіндіргендей, бизнесмендердің өздері азық-түлік бағасының қымбаттығына шағымданған, сондықтан билік кәсіпкерлерге бірігіп, азық-түлікті де ортақ сатып алу туралы ұсыныс жасаған еді.  


Жаңалықтармен бөлісу: