Павлодар.7 ақпан.ҚазТАГ- Павлодар облысында Mercedes көлігі Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысып екі адам қаза болды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінін баспасөз қызметі.
«6 ақпан күні Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Павлодар тұрғындары - Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Сондай-ақ Mercedes көлігінің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы, Lexus автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді.
«Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды»,-деп мәлімдеді полицейлер.
Павлодар облысында Mercedes көлігі Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысып екі адам қаза болды
