Павлодар облысында қоғамшылдардың қатысуымен экологиялық кеңес пайда болады

Күні: 15:15, 23-10-2014.

Павлодар. 23 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысында қоғамшылдардың қатысуымен экологиялық кеңес пайда болады, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов.
«Экологиялық кеңес құрамыз. Қазір бәрі өз беттерінше, Мемлекеттік органдар өз қызметін орындауда. Қоғмдық ұйымдар өз беттерінше қызмет атқаруда, және қоршаған ортаны қорғау мәселесінде бір-бірін қайталап отырады. Енді үйлесімді жұмыс жасайтын боламыз», - деді Н. Әшімбетов бейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.
Кеңесті қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және су ресурстарын пайдалану басқарма басшысы басқаратын болады деді ол.
Хабарда атап көрсетілгендей, Павлодар облысында өнеркәсіптік тастанды көлемі 600 мың тоннадан асады. Бұл өңірлердегі ең үлкен көлем. Жұртшылықты онкоаурулардың жағдайы алаңдатады. Жыл сайын өңірде 2 мың тұрғыннан онкоауру анықталып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: