Павлодар облысында Омбы-Майқапшағай автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

Күні: 18:15, 14-05-2019.

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» автожолының орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 14 мамырда «РФ шекарасы (Омбы) - Майқапшағай» автожолы учаскесінде жаңарту жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Павлодар-Тереңкөл-Железинка-Омбы бағыты бойынша, 208-227, 293-299, 307-309 шақырымдарында жаңа асфальт жабыны салынды», - делінген хабарда.
Ведомство ақпарынша, бас мердігер «ПКФ Гордорстрой» ЖШС» болып табылады.
«Жолшылар жалпы ұзындығы 27 км жаңа асфальт төсеуді және фрезерлеу әдісімен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: