Алматы. 26 ақпан. ҚазТАГ – Шербақтыда (Павлодар облысы) пойыз жүк көлігіне соқты, деп хабарлады Павлодар-онлайн.
«Жол апаты Шербақты стансасындағы теміржол өткелінде орын алды. ГАЗ-53 жүк пойызының жолына тап келген. Жүк көлігінің жүргізушісін ауруханаға жеткізді», - делінген хабарда.
Жол апатының себебі, алдын-ала болжам бойынша, жүк көлігі темір жол өткелі арқылы өтіп бара жатып, кенет сөніп қалған.
Жүк көлігінің жүргізушісі, облыстық жедел-жәрдем стансасы баспасөз орталығының ақпарынша, орталық аудандық ауруханаға кеуде қуысының жарақаты, жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы диагнозымен жеткізілген.
«Хабар Шербақты жедел медициналық көмек бекеті диспетчерінің тетігіне сағат 9.20-да келіп түскен», - деп хабарлады баспасөз орталығынан.
Аталмыш ЖКО бойынша полиция тексеру жүргізуде, сараптамалар тағайындалған.
Хабарда айтылғандай, 2018 жылы да осы жолда осыған ұқсас ЖКО орын алған. Жүк пойызы жеңіл көлікке соғып, LADA Kalina көлігінің 36 жасар жолаушысы жедел-жәрдем көлігі келгенше көз жұмған болатын. Ал қолында емізулі баласы бар әйел - марқұмның жары мен қызы және жүргізуші аман қалған еді.
Павлодар облысында пойыз жолаушылар көлігіне соқты
