Павлодар облысында құс тұмауы расталды

Павлодар. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысында құс тұмауы расталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қоңырау Железинск ауданы Ақтау ауылдық округінен келіп түсті, бір күннен кейін Тереңкөл ауданы Жанаркүл ауылдық округінде құстар өлген. Патологиялық материал алынып, облыстық зертхана мен Ветеринарияны референциялау мониторингінің ұлттық орталығына жіберілді. Кеше біз Тереңкөлдегі құс тұмауы бойынша оң нәтиже алдық. Аудандағы бас ветинспекторлар ауыл әкімдеріне карантин енгізу туралы ұсыныс жасады», - деді дүйсенбіде ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринарлық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков.
Оның айтуынша, жалпы 2312 үй құсы қырылған. Ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан құс тұмауына қарсы вакцинаның 456 мың дозасы түсті, бүгінгі күні 34 мыңнан астам үй құсына вакцина жасалды.
Шенеуніктер нақтылағандай, құс тұмауы анықталған жерлерде карантин егізіліп, республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс жасайтын болады.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА СҚО Тимирязев ауданындағы Тимирязев, Элеваторный, Ғ.Мүсірепов ат. ауданда Чернобаевка, Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласы мен Сухорабовка ауылдарында үй құстарының қырылу дерегі тіркелгенін хабарлаған еді. 17 қыркүйекте белгілі болғандай, құс тұмауынан зардап шеккен құстардың саны жетіге жеткен. Қазақстан бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Сонымен қатар, белгілі болғаны шенеуніктер Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының бар-жоғын тексере алмай отырған көрінеді.
Бұған дейін Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде құс тұмауы тіркелген еді. Соның салдарынан тамыздың басында қазақстандық билік РФ-мен шекараға шектеу енгізді.

adimage