Павлодар облысында сендвич-панельдер өндірісін іске қосты

Павлодар. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысында сендвич-панельдер өндірісін іске қосты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Павлодар қазандық зауыты» ЖШС-інде экологиялық қауіпсіз сендвич-панельдер өндірісін іске қосты. Олар қазандық пен жылу тораптарын, өндірістік кешендерді қайта жөндеуде, өндірістік бөлмелерді жөндеу жұмыстарында қолданылады», - деп мәлім етті Павлодар облысының әкімшілігінен.
Желіні іске қосумен құрылыс нысандары толығымен 100% қазақстандық құраммен пайдалануға тапсырылады, деп қадап айтты әкімшіліктен.
«Инфестиция шамамен 60 млн теңге болды. Қосымша 15 жұмыс орны ашылды (кәсіпорында жұмыс істейтіндер саны – 120 адам)», - делінген әкімшілік хабарында.

adimage