Павлодар облысында турист таудан түсе алмай қалды

Павлодар. 18 маусым. ҚазТАГ - Павлодар облысында турист таудан түсе алмай қалды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«17 маусымда сағат 17-50-де Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында 1999 жылы туған жас жігіт «Ақбет» тауына көтеріліп, түсе алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті»,- деп хабарлайды Павлодар облысының төтенше жағдайлар қызметі.

Оқиға орнына бес құтқарушы шықты. Олар жігітке шамамен 600 м биіктіктен түсуге көмектесті, оған медициналық көмек қажет емес екендігі атап өтілді.

Фото көзі: пресс-служба ДЧС Павлодарской области


adimage