Павлодар облысында құтыру ауруының кезекті өршуі тіркелді

Павлодар. 14 тамыз. ҚазТАГ – Павлодар облысында құтыру ауруының кезекті өршуі тіркелді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ірі-қара малдан құтыру ауруының анықталуына байланысты Ақсу қаласы Достық ауылдық округі Пограничник ауылындағы «Ислам» шаруа қожалығы аумағында шектеу шаралары белгіленсін», - делінген 11 тамыздағы Достық ауылдық округі әкімінің жұмада таныстырылған шешімінде.
Еске салсақ, 23 шілдеде ҚазТАГ ХАА Қазақстанның екі өңірінде – Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында құтырма ауруы тіркелгенін хабарлаған еді. 24 шілдеде ауыл шаруашылық министрлігінде ШҚО-да құтырма ауруының таралу қаупінің алынып тасталғанын мәлімдеді.

adimage