Павлодар облысында улы газдан төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде екі бала көз жұмды

Күні: 15:45, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ - Павлодар облысында улы газдан төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде екі бала көз жұмды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігі (ІІМ) төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
7 ақпан күні ертеңгісін Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында екіпәтерлі үйде қатты отынмен жылытылатын пештің дұрыс жанбауынан төрт адамнан тұратын бір отбасы көз жұмды: 1979 ж. ер адам, 1980 ж. әйел адам, 2004 және 2007 жылғы балалар», - деді Н.Нұрахметов бейсенбіде
Ол атап өткендей, улы газбен улану жағдайларының алдын алу, азаматтардың жеке мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында жылыту маусымы басталғалы ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.


Жаңалықтармен бөлісу: