Павлодар. 1 шілде. ҚазТАГ – Павлодар облысындағы Ақсу ауылындағы электр станциясында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«30 маусым күні сағат 22.03-те Ақсу электр станциясының қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде Service ЖШС слесарының қаза болуына әкеп соқтырған жазатайым оқиға орын алды», - делінген хабарламада.
Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істегені белгілі болды. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды.