Павлодар. 3 тамыз. ҚазТАГ – Павлодар облысында жасөспірім мен студент бір мезгілде суға батып кетті, деп хабарлады ҚазТАГ.
«2 тамызда сағат 15.00-де Ақсу ауылдық аймағының Еңбек ауылы Белая өзенінің маңайында колледждің 22 жасар студенті суға батып кетті. Мәйіті табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сол күні сағат 21.45-те Ақсу қаласы Айнакөл ауылы Көктас бөлімшесінде Ертіс өзенінде жүзіп жүрген 2005 жылы туған кәмелетке толмаған бала суға батып кеткен», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Полицейлер қосымша хабарлағандай, жасөспірімнің мәйіті табылмаған, іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08