Павлодар облысында жастар орталығынан өрт шықты

   Павлодар.8 желтоқсан.ҚазТАГ- Павлодар облысында жастар орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «8 желтоқсанда сағат 11.10-да «101» пультіне Ақтоғай ауылында Алин көшесі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты ғимараттың екінші қабатында жастар-ресурстық орталығының «Жас қанат» кабинетінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен»,- деді Ақтоғай ауданы ТЖ бөлімінің инженері Ілияс Гусейнов.
   Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жоғары температураның әсерінен жиһаз және екі пластик терезе, төбе балқып кеткенін анықтады.
   Тілсіз жау 25 шаршы метр ауданды шарпыған.
   Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 60 адам өз бетінше эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

adimage