Павлодар. 12 ақпан. ҚазТАГ - Павлодар облысында жеңіл көліктің шағын автобуспен соқтығысуынан екі адам зардап шекті, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«11 ақпанда сағат 13.15-те Ленинский-Курчатов жолының 97 шақырымында «ВАЗ-2019» көлігінің 23 жасар жүргізушісі Көктөбе ауылынан шығып, «ГАЗ-322132» шағын автобусына соққан. Оның рөлінде 57 жасар ауыл тұрғыны отырған. ЖКО салдарынан «ВАЗ-2109» көлігіндегі 1999 және 1957 жылы туған жолаушылары түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Департаментте атап өткендей, аталмыш дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34