Павлодар облысының 4 ауданы астық жинауды аяқтады

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысының 4 ауданы астық жинауды аяқтады, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
«Жиын-терім жұмыстары Екібастұз қаласының ауылдық аумағында және Аққулы, Баянауыл, Май, Успен, Шарбақты аудандарында аяқталды», - өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марлен Оспанов
Оның айтуынша, Бүгінгі күні 663,8 мың гектар жерден астық дақылдары аумағының 91 пайызы алынып, бастырылды. Жалпы өнім 791,8 мың тоннаны құрайды, өнімділік – гектарына 11,9 центнер.
«Дәнді дақылдардың жоғары өнімділігі Тереңкөл – гектарына 13 центнер және Железин ауданында – гектарына 12,9 центнер тіркелді.Картоп 17,4 мың га жерден, көкністер – 6,37 тың га алқаптан, бақша дақылдары – 2,87 мың га алқаптан жиналды. жинау кампаниясн қазанның екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда», - деп атап өтті басшы орынбасары.
Ертісмаңындағы астық жинауға арналған ыдыстың жалпы көлемі 1 млн тоннадан астам, бұл жаңа астық пен былтырғы қалдықтарды сақтауға жеткілікті. Барлық элеваторлар астықты қабылдауда. астық сапасы үшінші сыныпқа жатады.  
Көлік-трактор паркі толық дайындалған, 1,9 мыңнан астам комбайн жұмылдырылған.
Көлік-трактор паркі толық дайындалған, 1,9 мыңнан астам комбайн жұмылдырылған. Ауыл шаруашылық өндірушілері биыл Т5 млрд астам сомаға 494 бірлік техника сатып алған.  
Хабарда айтылғандай, Павлодар облысы бойынша жалпы егістік алқабы 1 млн 50 мың га құрайды, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 9% жоғары.

adimage