Павлодар облысының ауыл шаруашылық өндірушілеріне Астананың дүкендері мен базарларынан жеңілдік негізінде сауда орындары ұсынылады

Павлодар. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Павлодар облысының ауыл шаруашылық өндірушілеріне Астананың дүкендері мен коммуналдық базарларынан жеңілдік негізінде сауда орындары ұсынылады, деп хабарлады бүгін Павлодар облысының баспасөз қызметінен.  

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ауылшаруашылық өнімдерді өткізу үшін Павлодар облысының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге «Шапағат» коммуналдық базарында және мамандандырылған дүкендерде жеңілдікті сауда орындарын ұсынады», - делінген жұмадағы баспасөз қызметінен.

Павлодар облысының әкімдігі, өз кезегінде Павлодар облысы ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өнімдерін Астана қаласы бойынша нарық бағаларынан төмен бағамен және төменде тізілген негізгі тағамдар ассортиментінде саудалауды қамтамасыз етеді: ет өнімдері: ІҚМ, ҰҚМ еті, құс еті, құс етінен жасалған жартылай фабрикаттар; қайта өңделген ет өнімдері – шұжықтар, деликатестер, етті жартылай фабрикаттар; ет-өсімдік консервілері және жұмыртқа: сүт өнімдері: ірімшік, сары май, қымыз және т.б.; бакалея: өсімдік майы, ұн, жарма, қант, бал және кондитерлік өнімдер; картоп, көкөніс.

Аталмыш шешім туралы  Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков сауда-экономикалық қатынастарды жүзеге асыру бойынша Келісімге қол қойды. Осы Келісім шеңберінде әкімдіктер Астана қаласы мен Павлодар облысы арасында іскерлік байланыстарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

adimage