Павлодар облысының бұрынғы әкімінің ісі сотқа түсті

Күні: 17:10, 29-10-2014.

Павлодар. 29 қазан. ҚазТАГ - Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісі Павлодар облысы
қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына (ҚМАС) түсті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Іс енді ғана түсті, енді ғана тіркелді. Әлі тіпті алдын-ала тыңдалым уақыты да белгіленген жоқ, ол (іс - ҚазтАГ) судьяларға танысу үшін берілді.  Ол бойынша біз қазір қандай да бір түсініктеме бере алмаймыз», - деді Павлодар облысы бойынша ҚМАС бастығы   Светлана Маркова телефон арқылы сәрсенбіде.
Бұған дейін хабарланғандай, Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты іс тергеуге жіберілген болатын.  
«2014 жылдың 10 қазанында облыс прокуратурасы Е.М.Арынның және басқаларының қылмыстық ісімен танысқаннан кейін ол ҚР экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу тобына қайтарылған.  Аталмыш шешімді қабылдауға тергеу амалдарының толық болмауы мен жан-жақты тексерілмегені себеп болған», - деп хабарлады Павлодар облысынң прокуратурасында.  
Еске сала кетейік, Е. Арынды 2014 жылдың 4 наурызында ҚР қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері қолға түсірген болатын. Оған облыс әкімдігі мен «ENRC Kazakhstan» ЖШС арасында қол қойылған 2013 жылға арналған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Павлодарды абаттандыруға демеушілік жәрдем ретінде берілген Т23 млн сомасындағы ақшалай қаражатты қолды қылды деген айып тағылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік сатып алулар конкурстарында құрылыс фирмаларының өкілдерінен жеңіс үшін пара алды деп айыпталды.


Жаңалықтармен бөлісу: