Павлодар облысының билігі, аграршылары мен көтерме сауда жасаушылары азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды

Павлодар. 22 қараша. ҚазТАГ – Павлодар облысының билігі, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен көтерме сауда жасаушылар азық-түлік бағасын тұрақтандыру туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасынан.    
«Үлкен жұмыстар атқарылды. Облыстың ішкі нарығында өзінің өнімдерінің қымбаттамауы туралы жергілікті ауыл шаруашылық өкілдерімен келісімдер жасалды.  Сонымен, 22 ауыл шаруашылық өндірушімен Павлодардың ішкі нарығын қыста және көктемде  картоппен және көкөніспен қамту туралы меморандумға қол қойылды. Қайта өңдеуші кәсіпорындармен түсіністікке келдік», - деп хабарлады сату бөлімінің өкілі Жанар Кенина.
Атап айтсақ, оның айтуынша, «5 жергілікті кәсіпорынмен күнбағыс майының, қарақұмық жармасының бағасын тұрақтандыру туралы келісімге келді».    
Сондай-ақ, оның ақпарынша, қантты, құс етін, макарон өнімдерін, күріш пен тұзды жіберуші және сатушы ірі көтерме фирмалармен меморандумдар жасалған, ал  әлеуметтік сауда нысандары өз кезегінде азық-түлік өнімдеріне 10% жоғары үстеме ақы қоспауға уәде беріп отыр.
«230 «Әлеуметтік «сауда нүктелерімен сауда үстеме ақысын 10%-дан асырмау туралы келісім жасалды. Ал бөлшек саудадағы басқа сауда нысандарымен сауда үстеме ақысын 20% асырмау туралы келісім жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді маман.

adimage