Павлодар. 1 шілде. ҚазТАГ – Павлодар облысының екі тұрғыны 6,5 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды жазып берген, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.
«Тергеу барысында Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаға жалпы сомасы 6,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаковтың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 миллиард теңгеден аса сомаға залал келтірілді.
«Сот екеуін де кінәлі деп тауып, Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаковты 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 миллион теңгеден аса ақша тәркілеу туралы үкім шығарды», - деп мәлімдеді ҚМА.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00