Павлодар облысының экс-әкімі Арынның адвокаттары айыптаушы жақтың куәларының тізімімен таныстыруды талап етті

Күні: 18:19, 12-11-2014.

Павлодар. 12 қараша. ҚазТАГ – Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның адвокаттары айыптаушы жақтың куәларының тізімімен оларды таныстыруды талап етті.
«Біздің құқықтарымыз тең емес (мемайыптаушылармен – ҚазТАГ) деп есептеймін.  Қылмыстық-процессуалдық кодекске сай, мемлекеттік айыптаушы істі сотқа тапсырар алдында айыптау қорытындысына қосымшаны куәгерлердің (айыптаушы жақтың – ҚазТАГ) тізімімен қамтамасыз етуі керек еді. Бірақ олай болмады. Біз айыптаушы жақтан қанша куә барлығын білмейміз. Олар сотқа қалай шақырылады? Біз оны да білмейміз», - деді Е. Арынның адвокаты Айжан Сабирина сәрсені күнгі сот отырсында.  
Бұл ретте ол жақтаушы жақ бірнеше рет куәгерлердің тізімін сұрағанын, бірақ одан еш нәтиже болмағанын қадап айтты.
Қазіргі уақытта сотта айыптаушы жақтың куәларынан жауап алу өтіп жатқанын, олардың ішінде Павлодар облысының аппарат әкімінің бұрынғы орынбасары Б. Сапаров,  Павлодар облысы әкімінің экс-орынбасары Арсылан Әбдіхалықов, инновациялық колледждің бұрынғы директоры Алма Әлиева бар.
Еске салсақ, Е. М. Арын қылмыстың екі эпизоды бойынша үш баппен сотқа тартылуда – аса ірі мөлшердегі алаяқтығы (ҚК 177б. 3 т. «б,г» тармақшасы), аса ірі мөлшердегі пара алу (311 б. 5 т.) қылмыстық жолмен тапқан қаражатты заңдастыру (193 б.3 т. «а» тармақшасы). Басқа эпизодтар бойынша тергеу тобы қазір тексеру жүргізіп жатыр»,
Бірінші эпизод бойынша ол кәсіпкерден Т1 млн 650 мың ақшаны алдап алған деп айыпталуда. Ол сома кәсіпкер және депутат Илья Теремченкодан алынған. Іс материалдарында көрсетілгендей, Е. Арын бұл қаражатты өзінің көмекшісі Бағұстар Сапаровпен бірге алып, қылмыстық мақсатта жаратып жіберген.
Кейін ол қаражатқа автомобиль сатып алынып, ол Павлодар облысының экс-әкімінің әйеліне тиесілі оқу мекемесіне рәсімделген.
Екінші эпизод кәсіпкер «ГрадСтройКампаня» фирмасының иесі Умлат Матиевадан облыстық кітапхананың қайта жөндеуге жарияланған тендерді жеңіп алуы үшін Т5,6 млн мөлшерінде пара алуға байланысты.
Сәл бұрын зардап шегуші И. Теренченко материалдық талаптан бас тартты.


Жаңалықтармен бөлісу: