Павлодар облысының экс-әкімі Арынның үстінен басты сот отырысы 10 қарашаға тағайындалды

Күні: 18:39, 05-11-2014.

Павлодар. 5 қараша. ҚазТАГ – Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның үстінен басты сот отырысы 10 қарашаға тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның ісі бойынша алдын-ала тыңдаулар болып өтті. Сол басты отырысын 10 қарашаға тағайындау туралы шешім шығарды. Сот шешеді, бірақ сот ашық өтеді деп ойлаймын. Жақтаушылар жағы істі қосымша тексеруге жіберіп, оқшаулау шарасының түрін өзгертуді сұраған еді. Сот оны қанағаттандырмады», - деді сәрсенбі күні мемлекеттік айыптаушы Разимхан Дубаева.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Е. Арын сотқа келесідей баптар бойынша тартылып отыр: ҚР ҚК 311 б. 5 т., 177 б. 3 т. «б, г» тармақшасы, 193 б. 3 т. «а» тармақшасы.  
«Алаяқтық жасау – кәсіпкерлерден алдау арқылы 1 млн 650 мың мөлшеріндегі ақшасын жымқыру, кәсіпкерден 5 млн теңге мөлшерінде пара алу және ақшаларын заңдастыру қылмыстарын жасаған», - деді Р.Дубаева.
Оның айтуынша, басқа істер бойынша материалдар бөлек өндіріске шығарылды.
Еске салсақ, Е. Арын 2014 жылғы 4 наурызда ҚР қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлерінің қолына түсті.
Е. М. Арын қылмыстың екі эпизоды бойынша үш баппен сотқа тартылуда – аса ірі мөлшердегі алаяқтығы (ҚР ҚК 177 б. 3 т. «б,г» тармақшасы), аса ірі мөлшердегі пара алу (311 б. 5 т.) қылмыстық жолмен тапқан қаражатты заңдастыру (193 б.3 т. «а» тармақшасы).


Жаңалықтармен бөлісу: